Ауа райы
Нұр-Сұлтан 21 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Астанада тоғызқұмалақтан өткен турнирге мықты 10 ойыншы қатысты

2019 жылдың 22 мамыр 2019 09:38 1294

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  Нұр-Сұлтан қаласында тұңғыш рет тоғызқұмалақтан өткен «The ONE Hotel Open» республикалық турнирінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Тоғызқұмалақ спорты федерациясы мәлім еткендей, аталған сайыс кеше, яғни 21 мамыр күні елордада «The ONE Hotel» қонақ үйінің демеушілігімен өтті.

Жарысқа еліміздің ең үздік деген 10 ойыншы қатысты. Олардың қатарында әлем, Азия біріншіліктерінің, сондай ақ ҚР чемпионатында ешкімге дес бермей жүрген ойыншылар болды.

Жарыстың ашылуы салтанатына Дүниежүзілік жəне тоғызқұмалақ федерациясының президенті - Әлихан Байменов қатысып, ойыншыларға сәттілік тіледі.

Аса тартысты өткен турнир барысында бас жүлдені Ғалымжан Темірбаев (Шымкент) алса, екінші орын Жанат Қаймолдинге (Павлодар) бұйырды. Ал үздік үшінші орынды Биғали Зікрияев (Нұр-Сұлтан) жеңіп алды.


null 

Аталған додада жеңімпаз бен жүлдегерлер атанған ойыншылар «The ONE Hotel» тағайындаған дипломдары мен ақшалай сыйақымен марапатталды.


null 

Еске сала кетсек, жарысты жыл сайын ұйымдастыру жөніндегі ойды таяуда Түркияда тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионаты аясындағы жиналыста  «Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ федерациясының» вице-президенті қызметіне сайланған, тоғызқұмалақ жанашыры Мақсат Раманқұлов ортаға салған болатын.  


null 

null 

 

 

Автор: Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай