Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 340.27
EUR 396.31
RUB 5.39
CNY 52.39

Астанада тайғақ жолда құлаған әйелге ота жасалды

2018 жылдың 14 қаңтар 2018 12:33 1426

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тайғақ жолда құлап жарақат алған 73 жастағы Роза Сапарбаеваға сәтті ота жасаған дәрігерлерге туыстары әлеуметтік желіде ризашылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

«Астана қаласы әкімдігінің №2 қалалық аурухананың дәрігерлері - дәрігер-травматологтар Мәлік Біржан Қайырбекұлы мен Төлеуханов Бейбіт Омарғазыұлына, дәрігер-анестезиолог Медеуова Бибіш Салыққызына, сондай-ақ травматологиялық бөлімнің, бүкіл аурухананың қызметкерлеріне жоғары кәсіби біліктілігі, көмегін аямай, қолдағаны, мейірбан анамыз, сүйікті әжеміз Сапарбаева Розаның денсаулығы мен өмірі сақтап қалғаны үшін алғыс айтамыз», - деп жазды Фейсбукте Махаббат Сапарбаева есімді пайдаланушы.

«73 жасқа келе жатқан анамыз үйдің алдындағы тайғақ жолда құлап, жамбасын қатты зақымдап алды. Егде жаста жамбастың сынуы қаншалықты қиын болатынын жұрттың бәрі біледі. Арты не боларын білмей қатты уайымдадық, бірақ есімдері аталған кәсіби мамандар бізді операцияның қажет екеніне көндірді. Бар жағдайды таразыға салып байқап, 11 қаңтарда күрделі ота жасады. Күрделі дейтініміз, анамыздың жүрегі отаға төзе алмауы мүмкін еді. Сіздерге көп алғыс, ерен еңбектеріңіз бен көмек қолын созғандарыңыз үшін бас иеміз», - деп, дәрігерлерге алғысын жаудырды Астана тұрғыны.

 

 

Басты сөздер: Оқиға, Астана,
Жоғары қарай