Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 335.05
EUR 395.12
RUB 5.66
CNY 50.64

Астанада сұрғылт әрі бірқалыпты үйлердің құрылысы жоспарда жоқ

2017 жылдың 12 қазан 2017 18:49 1327

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасы өкілдері қаланың дамуы бағыты жайында айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Басқарма мәліметінше, биыл елордада 2 миллион 200 мың шаршы метр баспана салынада.

«Біз қаланы тегіс бес және тоғыз қабатты көп пәтерлі үйлердің құрылысымен жоспарлап отырғанымыз жоқ. Осы орайда салынатын баспана әтүрлі үлгіде тұрғызылады. Бірыңғай сұрғылт немесе бірқалыпты деңгейдегі ықшам аудандар бізде жоспарланбаған. Бас жоспардың ұстанымы бойынша ерекше бөліп, соған ғана екпін қоятындай бірыңғай орталық ескерілмеген. Біздің айтарлықтай жазық жер бедерінде осындай орталықтар көп. Негізгі мақсат - оларды ерекшелеп көрсету», - деді басқарма басшысы Бақтыбай Тайталиев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның сөзіне қарағанда, құрылыс нысандары биіктігі орталықтан шеткі аумақтарға қарай төмендей береді. Қалаға кіретін жеті магистраль бойына құрылыс нысандары қарастырылған. Алдағы жылдары қала жан-жақты бағыттарда дамитын болады. Осы орайда негізгі бағыттар ретінде шығыс, оңтүстік және батыс бөлігі, сондай-ақ қаланың ішіндегі қайта салынатын құрылыстар қамтылмақ.

«Шығыс бағытта - «Мыңжылдық аллеясы», яғни «Қазақ Елі» алаңынан жаңа темір жол вокзалына қарай аумақ ескерілген. Бұл өз кезегінде өте үлкен аумақ, 800 гектарды құрайды. Біздің ойымызша, осы жерде шамамен 80 мың адамға арналған баспана, қызмет көрсету нысандары тұрғызылады. Оңтүстік бағытқа тоқталсақ, Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр, Тұран даңғылдары бойымен құрылыс салу көзделген. Ол аумақта «ЭКСПО» көрмесінің кеңістігі орналасқан. Атап айтқанда, осы жер қаланың үшінші жаңа орталығы», - деді басқарма басшысы.

Мұнымен қоса ол қала ішінде де құрылыс жұмыстары жүріп жатқанын, алдағы уақытта бұл жерлерде жаңа нысандар, мектептер және бала бақшалар пайда болатынын жеткізді.

Пікір қалдыру

Жоғары қарай