Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 376.26
EUR 425.63
RUB 5.68
CNY 55.61

Астанада өз жігітіне кастрация жасаған келіншек түрмеге қамала ма

2019 жылдың 15 қаңтар 2019 13:03 663

АСТАНА. ҚазАқпарат - Есіл аудандық №2 сотының судьясы Қанат Тобағалиұлы өз жігітіне кастрация жасаған келіншектің тағдыры туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Иә, ондай іс қаралды. Бірақ аталған сот отырысы жабық өтті. Үкім шықты. Біраз жазалау шарасы кейінге шегерілді. Себебі, айыпты келіншектің асырауында кәмелетке толмаған балалар бар. Дегенмен, заң бойынша жазаны шегеру мерзімі аяқталғанда сот жазаны жеңілдете алады, я болмаса, сол күйінде қалдырып, кінәлі адамды түрмеге жазаны өтеуге жібере алады. Жазаны шегеру мерзімі әлі аяқталған жоқ. Сол кезде белгілі болады», - деді Қ.Тобағалиұлы Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, өткен жылы қаңтар айында 36 жастағы келіншек сүйіктісін жыныстық мүшесінен айырғысы келген болатын. Сонымен қатар, әлеуметтік желілер мен мессенжерлерде Астана қаласы Есіл аудандық №2 сотының 2018 жылғы 24 қаңтардағы қаулысы ретінде сипатталған құжаттың фотосы тараған болатын. Ондағы деректерге сүйенсек, өзге қызбен көңіл қосты деп сүйіктісінен күдіктенген 1981 жылы туған әйел, оны интимдік ойын ойнауға шақырып, кейіннен аяқ-қолын байлаған. Сосын дәрі берген. Алдын ала болжам бойынша, ұйықтататын препарат. Содан соң бар өкпе-ренішін айтып, ер адамның жыныс мүшесіне тіліктер жасай бастаған. «Жазалау» барысында сүйіктісінің азабын жеңілдету үшін әйел оның шабына 3 рет Лидокоин еккен. Кейін қансыраған ер адамды өз көлігімен ауруханаға алып барған. 

 

Автор: Арман Асқаров
Басты сөздер: Заң, Сот, Астана,
Жоғары қарай