Ауа райы
Нұр-Сұлтан 3 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 378.90
EUR 422.74
RUB 5.87
CNY 54.80

Астанада мектеп формасын қайдан сатып алуға болады

2018 жылдың 23 шілде 2018 23:07 421

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында орта білім беру ұйымдарындағы бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптар қандай? Оларды қайдан сатып алуға болады? Бұл туралы елорданың Білім басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елорда Инфо сайтына сілтеме жасап.

Былтыр қала бойынша енгізілген бірыңғай мектеп форма өзгеріссіз қалады. Киімдердің түсі қою көк және ол классикалық үлгіде тігілуі тиіс.

Ұлдардың мектеп формасы: пиджак, кеудеше, шалбар, мерекелік ақ жейде, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: тоқыма кеудеше, ақ водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. Кемінде жейде, кеудеше мен шалбар талап етіледі.

Қыздардың мектеп формасы: пиджак, кеудеше, белдемше, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: тоқыма кеудеше, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады, белдемшенің ұзындығы тізеден 5 см-ден жоғары емес.

Сонымен бірге басқарма мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайтынын ескертті.

Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, кеудеше) жоғарғы бөлігінде орналасады. Эмблема эскизін мектептің сайтынан жүктеп алуға немесе мектептен алуға болады.

Оқушылар формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киімдер мен аксессуарларды киюге және тағуға тыйым салынады.

Форманың матасы ретінде құрамы жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық әсері бар маталар қолданылады. 75-85% табиғи маталар (және т.б. мақта, жүн,) және киім қыртыстанбас үшін 15-25% синтетикалық қоспалары бар маталар ұсыналады.

«Форма жеткізушісін ата-аналар өз қалауы бойынша таңдай алады. Бастысы - мектеп формасы жоғарыда келтірілген шарттар мен талаптарға сай болуы тиіс. Мектептер ата-аналарды мектеп формасын бір жеткізушіден мәжбүрлеп алғыза алмайды. Олай болған жағдайда 55-68-53 нөміріне хабарласып немесе zh.assanova@astana.kz электронды поштасына жазып шағымдануға болады.

Сонымен қатар, Білім басқармасы Астанада отандық мектеп формасын шығаратын 32 жеткізуші жұмыс істейтінін хабарлайды. Олардың толық тізімі пен мекен-жайлары мына жерде жарияланған.

 

 

 

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Білім,
Жоғары қарай