Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Астанада инвестициялық сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіру мәселелері талқыланды

2019 жылдың 31 мамыр 2019 14:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жоғарғы Соттың мамандандырылған сот алқасының төрағасы Айгүл Қыдырбаева «Инвестициялық сот ісін жүргізуді одан әрі жетілдіру» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» отырысын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форумды Жоғарғы Сот ABA ROLI Американдық заңгерлер қауымдастығының өкілдігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Оның жұмысына судьялар, Халықаралық Кеңестің мүшелері, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП-ның, инвесторлардың, құқықтық және бизнес қоғамдастықтың, инвестициялық сот төрелігінің анағұрлым өзекті мәселелері бойынша халықаралық сарапшылардың өкілдері қатысты.

Форумды аша отырып, А. Қыдырбаева инвестициялық сот ісін жүргізу, инвестициялық климатты жақсарту, экономиканы тұтастай дамыту бағытындағы маңызды мәселелер туралы айтты.

Форум шеңберінде келісімшарт міндеттемелерін орындау және экологиялық дауларды қарау проблемалары туралы Жоғарғы Соттың және Нұр-Сұлтан қаласы сотының судьялары Жанна Ермағамбетова, Гүлжан Әлмағамбетова және Гүлнар Әбдірахманова сөз сөйледі. Галле-Виттенбергск университетінің профессоры, құқық докторы Азер Алиев және Нью-Йорктың шығыс округының судьясы Элизабет Стонг инвестициялық дауларды шешудің халықаралық тәжірибесімен бөлісті.

Инвесторлардың құқықтарын мемлекеттік органдармен дауларда қорғау мәселесі бойынша өз пікірін «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов айтып берді. Экологиялық даулар туралы, инвесторлар үшін әлеуетті қатер ретінде «Шеврон» корпорациясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы құқықтық кеңесшісі Жұмагелді Елубаев сөз сөйледі.

Инвесторлар үшін заңнаманың тұрақтылығының маңыздылығы туралы «Бейкер және Макензи - Си-Ай-Эс, Лимитед» компаниясы филиалының директоры Куртис Мастерс және «ҚазБар» Қазақстанның коммерциялық заңгерлері қауымдастығының Басқарушы Кеңесінің төрағасы Айгүл Кенжебаева өз ойларын айтты.

Форумның екінші сессиясына қатысушылар экологиялық және инвестициялық құқық ара қатынасының халықаралық тәжірибесі ерекшеліктерін талқылады.

Конструктивтік диалог орнады. Форумға қатысушылар талқыланған тақырыптар бойынша тиісті ұсынымдарды пысықтады.

«Біздің барлығымызды жалғыз бірыңғай мақсат біріктіреді, ол азаматтардың, бизнестің инвесторлардың біздің сот төрелігіміз бен мемлекетке деген сенімі. Біздің ұсынымдарымыз туындайтын дауларды шешуде, бизнес-климатты жақсартуда бірыңғай тәсілге айналатындығына сенімдімін - деп А. Қыдырбаева қорытындылады.

Жоғары қарай