Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Астанада есірткі жарнамалаған 100-ден астам сайт жабылды

2019 жылдың 12 наурыз 2019 20:52

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада жыл басынан бері есірткі жарнамалап сатумен айналысатын 100-ден астам сайт анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Астана қаласы Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Астана тұрғындарының көмегімен интернет арқылы синтетикалық есірткі заттарды сатумен айналысатын тұлғаларды ұстады», - делінген департаменттің Фейсбуктегі парақшасында.

Елордалық тәртіп сақшылары «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз есірткі айналымына қатысы бар тұлғаларға туралы жедел ақпарат алысу және есірткіге қатысы бар сайттарды жазатын граффити суреттерді жою мәселесі бойынша отырыс өткізді.

«Полиция қызметкерлері қоғамның белсенділік танытуының арқасында интернет арқылы синтетикалық есірткі заттарды сатумен және азаматтарды оны пайдалануға тартты деген күдікпен 1998 жылы және 1997 жылғы Жамбыл облысының тумасы ұсталды. Бүгінде ұсталған тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген хабарламада.

Департамент дерегіне сүйенсек, үстіміздегі жылдың екі айында полиция қызметкерлері есірткі саудасына қатысы бар 100-ден аса сайтты жапты.

Сондай-ақ, елордалық Полиция департаменті ұсталған тұлғалардың қылмыстық қылықтарына куә болған азаматтарды қалалық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының сенім телефонына: 71-63-93, 71-62-60, немесе 102 хабарласуын сұрайды.

Жоғары қарай