Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Астанада бітімгерлік жөніндегі V халықаралық симпозиум өтеді

2019 жылдың 13 сәуір 2019 21:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының бітімгерлік технологиялар бойынша серіктестік жөніндегі бесінші халықаралық симпозиумды өткізуге қатысты Қорғаныс министрлігі және еліміздің мүдделі мемлекеттік органдар өкілдері БҰҰ сарапшысымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, симпозумды ұйымдастыру және әкімшілік мәселелерін талқылау жиыны Ұлттық әскери-патриоттық орталықта өткен.

Сапар барысында өткен іс-шараларды жинақталған тәжірибе, баспа өнімінің логотипі мен эскиздері (нобайлары), отандық және шетелдік БАҚ-та БҰҰ-ның іс-шараларын жария ету мәселелері, мәдени және концерттік бағдарламаларды ұйымдастыру жөніндегі мәселелер, Қазақстан Республикасының қорғаныс-өнеркәсібі кешені шығаратын қару-жарақ пен әскери-техника көрмелері талқыланды.

«Болжам. Қорғаныш. Болдырмау. (Predict. Protect. Prevent)» тақырыбындағы бесінші халықаралық симпозиум 2019 жылғы 27-31 мамыр елордада өтеді. Жиынға 70 елден шамамен 200-250 өкілі келмек. Оған бітімгершілік күштердің жеткізуші мемлекеттер қатысуды жоспарлап отыр.

Жоғары қарай