Ауа райы
Нұр-Сұлтан 6 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 378.56
EUR 424.44
RUB 5.91
CNY 56.36

Астанада «Азия дауысы» өтеді

2018 жылдың 9 желтоқсан 2018 17:42 557

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 желтоқсан күні Анна Горцунова бастаған Үрмелі аспаптар оркестрі «Астана» конферт залында елорда тұрғындары мен қонақтарына «Азия дауысы» кешін ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана филармониясының Үрмелі аспаптар оркестрінің концерттік бағдарламасында қазақ мәдениетінің корифейлері - Ықылас Дүкенұлы, Нұрғиса Тілендиев, Шәмші Қалдаяқов, Латиф Хамиди секілді тұлғалардың үздік шығармалары кіргізілген», - дейді Астана әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының өкілдері.

Кеш заманымыздың алдыңғы қатарлы композиторы, туындылары үрмелі аспаптар музыкасының Bandworld әлемдік рейтингінде жоғары орындарды иеленген Әділ Бестібаевтың «Азия дауысы» шығармасына байланысты осылай аталған.

Концерт «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тарихи-мәдени мұраны сақтау, дамыту және таныту мақсатында ұйымдастырылмақ.

 

 

Жоғары қарай