Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Астанада мектепте Әлихан Бөкейхан музейі ашылды

2019 жылдың 19 наурыз 2019 11:11

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласындағы №76 мектеп-лицейінің ішінен ұлт көсемі, Алаш қозғалысының қайраткері Әлихан Бөкейханға арналған музей ашылды. Бұл туралы «Ақжол» партиясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Музейдің салтанатты ашылу рәсіміне ғалым әрі Әлиханның ұрпағы Ортай Әбдірахманов ақсақал, белгілі алаштанушы ғалымдар - профессор Тұрсын Жұртбай, әлихантанушы Сұлтан Хан Аққұлы, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы және «Ақ жол» демократиялық партиясының мүшесі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Дүйсембинов, сондай-ақ ата-аналар мен оқушылар қатысты.

Ғалым Сұлтан Хан Аққұлы өз сөзінде бұл Әлиханның құрметіне ресми түрде ашылған тұңғыш мұражай екенін айтып өтті.

Жаңадан ашылған мұражайда Алаштың ардақты азаматының портреті, қайраткерлік кезеңдерін көрсететін құжаттық деректері бар арнайы стендтер қойылған.

Сонымен қатар, алаштанушы ғалымдар Абай, Алаш, Әлихан, Шәкәрім, Мағжан атындағы дәрісханаларда сабақ өткізді. Ал, мектептің бастауыш сынып оқушылары Алаш тақырыбында мәнерлеп өлең оқыды.




null

Жоғары қарай