Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

«Астана» велошабандозы Якоб Фульсанг «Андалусия Вуэльтасы» жарысында жеңіске жетті

2020 жылдың 23 ақпан 2020 23:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Астана» велокомандасының спортшысы Якоб Фульсанг Испанияда «Андалусия Вуэльтасы» көпкүндік веложарысының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Астаналық клубтың сапында өнер көрсететін 34 жастағы дат велошабандоз жалпы есеп көрсеткіші бойынша бірінші тұр. Одан кейін Mitchelton-Scott атынан шыққан австралиялық велошабандоз Джек Хейг орналасқан. Үздік үштікті Bahrain McLaren командасының атынан алғаш жарысқа қатысқан 30 жастағы испан спортшысы Микель Ланда түйіндеді.

«Андалусия Вуэльтасы» — көпкүндік шосселік веложарыс. Бұл дода Испаниядағы Андалусия автономдық қоғамдастығының Коста-дель-Соль өңірінде өтеді.


Автор:

Еламан Турысбеков


Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай