Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

«Astana Piano Passion» байқауына өтінім қабылдау 30 қаңтарда басталады

2019 жылдың 24 қаңтар 2019 23:26

АСТАНА. ҚазАқпарат - 30 қаңтарда «Astana Piano Passion» V халықаралық жас пианиношылар байқауына өтінім қабылдау басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, классикалық музыка мен жасөспірім пианиношылардың фестиваль-байқауы 18-22 мамыр аралығында өтеді. Елорда әкімдігі, «Accordi di Astana» қоғамдық қоры мен Ресейдің халық әртісі Денис Мацуевтің бірлескен бастамасы бойынша 2013 жылы құрылған байқау фортепианолық өнер әлеміндегі беделді оқиғалар арасында лайықты орынға ие. Денис Мацуев - фестивальдің тұрақы көркемдік жетекшісі. Конкурсқа бастауыш, орта және жоғары музыкалық білім беру мекемелерінде оқитын 18 жасқа дейінгі жас өнерпаздар қатысады.

Байқауды конкурстың ресми сайтындағы тікелей эфир арқылы әлем бойынша адамдар тамашалайтын болады.

Айта кету керек, жартылай финалға шыққан балалар мен олардың тәлімгерлерінің жолақысы мен жатын орнын ұйымдастырушылар өздері қамтамасыз етеді.

Айта кетерлігі, биылғы байқауға өтініш қабылдау 30 қаңтарда басталып 30 наурызда аяқталады.

Жоғары қарай