Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Астана мен Елбасы біте қайнасқан ұғым - Бақытжан Әбдірайым

2019 жылдың 25 наурыз 2019 16:14

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана мен Елбасы біте қайнасқан ұғым. Бұл туралы бүгін Демократиялық күштердің «Қазақстан - 2050» жалпыұлттық коалициясының кезекті отырысында Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Бақытжан Әбдірайым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен Астананың Нұр-Сұлтанға өзгеруін толықтай қолдаймын және бұл менің тұрақты позициям. Себебі Астана мен Елбасы біте қайнасқан ұғым. Оны ешкім ешқашан жоққа шығара алмайды. Екіншіден, бұл жалпы халықтың да пікірі. Біз күнде жан-жақтан хабар алып отырмыз. Жұмысшылар, еңбеккерлер, кәсіподақ ұйымының басым көпшілігі осы қадамды қолдап отыр», - деді Бақытжан Әбдірайым.

«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқармасы төрағасы Абылай Мырзахметов Елбасының жүргізген экономикалық саясатының арқасында елімізде 1 млн 200 мыңға жуық адам жеке кәсібін ашып, ел бюджетіне қомақты үлес қосып отырғандығын айтты. Сонымен қатар кәсіпкерлер Тұңғыш Президенттің бұл жақсылығын еш уақытта ұмытпайтындығын атап өтті.

«Барлығымызды біріктіріп отырған 4 мәселе бар. Ол: Егемен Қазақстан, елордамыз, ауызбіршілігіміз және Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев. Сондықтан осы бірлікпен алға жылжиық», - еді ол елорданың Нұр-Сұлтан атануына орай пікірін білдіре келе.

Жоғары қарай