Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

«Astana Marathon-2019» кезінде елордада бірқатар көше уақытша жабылады

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 10:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 8 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында «Astana Marathon-2019» халықаралық марафоны өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, марафон таңертең сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін өтеді. Осыған орай Т.Рысқұлов көшесі мен Қабанбай батыр даңғылы толық жабылады.

«Осы аралықта кейбір көшелер кейбірі жартылай жабылады: Т.Рысқұлов көшесі – Қабанбай батыр даңғылы – Орынбор көшесі – Мәңгілік ел – Т.Рысқұлов көшелері арқылы ұйымдастырылады. 42,2 шақырым қашықтықтағы бағдар келесі көшелер мен даңғылдар арқылы болады: Т.Рысқұлов– Қабанбай батыр - Орынбор – Мәңгілік ел – Ш.Қалдаяқов - Панфилов – Тәуелсіздік – Нәжімеденов – Сарыкөл – А.Байтұрсынов –Р.Қошқарбаев – М.Жұмабаев – Б.Момышұлы – Абылай хан – М.Жұмабаев – Р.Қошқарбаев – Мәңгілік ел – Д.Қонаев – кіші Қабанбай батыр – Достық – Мәңгілік ел – Т.Рыскұлов», делінген хабарламада.

Елордада қоғамдық көліктің қатынау уақыты мен бағдарына уақытша шектеу енгізілген. Сондықтан тұрғындар баратын бағытын жабылатын көшелерді айналып өтетіндей етіп алдын-ала жоспарлап алулары керек. Бұған қоса №№ 21, 29, 35, 47, 50, 51, 60, 100, 101, 107 10 автобус бағдарының қозғалысы уақытша тоқтатылады. Тағы 56 бағдардың қозғалысы өзгереді. Олар №№ 2, 3, 4, 5, 5А, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 18, 19, 20, 22, 22А, 23, 24, 25, 28, 31, 32, 33, 37, 40, 41, 44, 46, 48, 52, 53, 54, 56, 61, 70, 71, 72, 73, 80, 102, 104, 105, 302, 303, 304, 308, 309, 313, 314, 315, 316, 318, 320, 321.








Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай