Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

«Астана LRT» жол апаты туралы: Автобус жүргізушісі мас болмаған

2019 жылдың 26 наурыз 2019 19:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана LRT» компаниясы бүгінгі жол апатында мерт болған №301 автобустың жүргізушісі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Нақты мәліметтерге сәйкес, 1966 жылы туған автобус жүргізушісі апат кезінде ұялы телефон қолданбаған және алкогольді мас күйінде болмаған. Рейс алдында жүргізуші медициналық тексеруден өткен, денсаулығы қанағаттанарлық (артериалдық қан қысымы 110/70) болғандықтан көлік құралын басқаруға жіберілген», - деп жазды Астана LRT баспасөз хатшысы Науат Азанбаева Facebook желісінде.

Оның айтуынша, автобустың да еш ақауы болмаған және ол барлық техникалық талаптарға сәйкес келген.

«Қазіргі уақытта жол-көлік апатының себептері егжей-тегжейлі анықталып жатыр. Оқиға туралы шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз», - деді Н. Азанбаева.

Еске сала кетсек, 26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобус пен жеңіл көліктің қатысуымен жол апаты болды. Қаламаңы бағдарындағы №301 автобус жүйіткіген күйі бағдаршамға тоқтап тұрған №12 жолаушылар автобусын соқты. №12 маршрут екпінмен өз алдындағы № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне соғылды.

Astana LRT өкілінің хабарлауынша, №301 автобус жүргізушісі Абай Оспанов таңғы 6.30-да рейске шығарда медициналық тексеруден өткен және денсаулығынан еш кінәрат байқалмаған.

Тиісті медициналық сараптамадан кейін жол апатынан зардап шеккендерге өтемақы төленеді.

Соңғы ақпарат бойынша, оқиғадан зардап шеккендер саны 36-ға жетті.

Автор Айжан Серікжанқызы
Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай