Ауа райы
Нұр-Сұлтан 15 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
CNY 56.17

Astana LRT көлік картасынан екі мәрте ақша алынуына қатысты жауап берді

2018 жылдың 19 тамыз 2018 23:11 255

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана LRT компаниясы астаналықтардың автобуста жол жүру картасынан екі рет ақша алынатыны туралы шағымына жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Серіктестік қызметкерлері мән-жайды анықтау үшін жолаушылардан карта нөмірін сұратты. Компания мәліметінше, нәтижесінде жүйенің дұрыс істеп тұрғаны анықталған.

«Жөнсіз ақша ұстау орын алмаған. Астана LRT басшылығы жолаушыларға өз жолсапарларын қадағалап, картадағы ақшасын уақытында тексеріп, қажет болса, детализация сұрату керектігін еске салады» делінген компанияның ресми мәлімдемесінде.

Астана LRT мәліметінше, таяу арада карта иелері өз қаражатын және жолсапарларын transcard.kz сайтындағы жеке кабинетінде өз бетінше қадағалап отыратын болады.

Еске сала кетейік, кеше астаналық жолаушылар көлік картасынан бір жолсапарға 90 теңгенің орнына 180 теңгеден ұсталатынын айтып, шағымданған болатын

 

 

Автор: Жанат Қапалбаева
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Көлік, Қоғам,
Жоғары қарай