Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

«Астана» қаржы орталығы ЕАЭО экономикасына инвестиция тартудың генераторына айналады - Президент

2019 жылдың 2 сәуір 2019 22:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы Еуразиялық экономикалық одақ экономикасына инвестиция тартудың генераторына айналады. Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Российская газета» басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» халықаралық қаржы орталығын келешекте өңірде Дубай, Гонконг, Сингапур, Швейцария немесе Лондондағы қаржы орталықтары сияқты рөл атқара алатын Еуразиядағы перспективалы қаржы хабы ретінде қарастырамыз. АХҚО қазірдің өзінде ірі халықаралық банктердің, инвестициялық компаниялардың тартылыс орталығына айналды. Активтерді, қорларды басқару, жаңа қаржылық және жасыл технологияларды енгізу - орталық қызметінің маңызды бағыттары. Әлемдік қор және валюта биржаларындағы турбуленттілік жағдайында АХҚО Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикасы мен қаржы секторына инвестиция тартудың генераторына айналады», - деді Қ.Тоқаев.

Қазақстан Президентінің атап өтуінше, халықаралық инвесторлар үшін орталықта қолданылатын британдық құқық қағидатына негізделген дербес құзіреті бар айрықша құқықтық режім тартымды. АХҚО тәуелсіз соты мен Халықаралық арбитраж орталығы азаматтық және коммерциялық дауларды шешуде үздік халықаралық тәжірибені басшылыққа алады.

«Орталық және оның аясында құрылған биржа ресейлік бизнес, ТМД елдері, сонымен қатар бүкіл Батыс және Орталық Азия өңірі үшін тартымд қаржы хабына айналады деп сенеміз. Бұл жерде еуразиялық өңір компаниялары үшін нарықтың арнайы сегменті құрылып, Жібек жолын өркендету бойынша бірқатар жоба жүзеге асырылатын болады», - деді Мемлекет басшысы.

Жоғары қарай