Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 379.86
EUR 422.97
RUB 5.85
CNY 56.33

Астана қаласының атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерді

2019 жылдың 23 наурыз 2019 12:50 1992

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды. ҚазАқпарат құжаттың толық мәтінін жариялайды.  

Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының əкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сəйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта аталсын.

2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 


Қ.Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті 


Ақорда,  2019  жылғы 23 наурыз

 

 

 

 

Жоғары қарай