Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Astana Hub идеяларды іске асыруға ниетті жастарға тәлім берді

2019 жылдың 24 маусым 2019 18:50 1987

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Биыл 21-23 маусым аралығында Astana Hub-та кәсіпкерлікті бастауға ниетті және бизнеспен айналысып жүргендер үшін ақысыз үш күндік курс өтті. Осы орайда стартап-жобаларды дамыту бойынша дәріс оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Astana Hub стартап мектебі аталған бағытта білім алуға қызығушылық танытқан барлық адамдар үшін өзінің есігін ашты. Курстың мақсаты - ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында стартаптарды құру мен дамыту әдістемесі туралы түсінік беру. Сонымен қатар идеяларды әлемдік нарыққа дейін шығаруға қолдау жасау ескерілген.


Аталған курстың қорытындысы бойынша Astana Hub стартап мектебі бағдарламаның келесі кезеңіне қатысушылар базасын құруды жоспарлап отыр.

Курс аясында қатысушылар бизнес ұсыныстарды әзірлеуді, нарыққа талдау жүргізу әдістерін қолдануды, коммуникацияның оңтайлы арналарын таңдауды үйреніп, басқа да қажетті қадамдар бойынша тәлім алды. 

«Ең жас қатысушы ретінде 11 жастағы Елхан Жаппас тіркелді. Ол шетел тілдерін үйренуге көмектесетін ойынды әзірлеу мен ілгерілету бойынша жобаны таныстырды. Astana Hub стартап мектебіне 700-ден астам өітінім келіп түсті, оның ішінде өңірлерден де жобалар таныстырылды. Қатысушылардың орташа жасы 25-27-де. Курстан өткендердің барлығына сертификатар тапсырылды», - делінген таратылған хабарламада.



 

Жоғары қарай