Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Astana bike: Елордада велосипедті жалға алу тарифі биыл қалай болады

2019 жылдың 3 мамыр 2019 09:46 1051

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2019 жылдың маусымында Astana Bike елорда тұрғындары мен қонақтарын қандай жаңалықтарымен қуантады? Велосипедті жалға алудың тәртібінде қандай өзгерістер бар? Бұл сұрақтарға «VVelocity.kz» қоғамдық қорының атқарушы директоры Алмагүл Қасымова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

2019 жылдың 1 мамырында Astana bike жобасы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен меймандары үшін автоматтандырылған велопрокат жүйесінің алтыншы маусымын бастап кетті. Тұрақты қолданушылардың сұрауы бойынша биыл қосымша тарифтік жоспарлар әзірленіп отыр. Осыдан былай, қалалықтар абонементтерді кез келген қашықтық бойынша ала алады.

Велопрокаттың 1 айлық тарифі биыл - 2 500 теңге болмақ. Ал 3 айға алу үшін 6 мың теңге төлеу керек. Бір жылдық тариф - 10 мың теңге. Сонымен бірге, SMS бойынша тарифтер бағасында да өзгерістер бар: 1 күн (тәулік) - 3 500 теңге, 3 күн - 9 мың теңге, 7 күн немесе апта - 17 500 теңге.

«Карталық тарифтердің ыңғайлы жүйесі қалалықтарға абонементтерді белгілі бір айларға алуға мүмкіндік береді. SMS бойынша тарифтер елордаға қысқа мерзімге келетіндер үшін ыңғайлы болады», - дейді «VVelocity.kz»  қоғамдық қорының атқарушы директоры Алмагүл Қасымова.

Абонементтердің активациясын келесі әдістер бойынша іске қосуға болады:

1. Сату бөлімінде;

2. velobike.kz сайтындағы жеке кабинет арқылы;

3. Qiwi терминалдары арқылы.

Еске сала кетсек, сату бөлімі Keruen City ойын-сауық орталығында орналасқан. Олар сағат 10.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін ашық. Жеңілдігі бар абонементтердің активациясы (студенттер, зейнеткермен мен мүмкіндігі шектеулі жандар) тек сату бөлімінде жүргізіледі. 

 

 

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Көлік, КАЗМЕДИА,
Жоғары қарай