Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.30
EUR 425.22
RUB 5.68
CNY 55.63

Астана әуежайында тұмау қаупін жою үшін бақылау күшейтілді

2019 жылдың 22 қаңтар 2019 12:36 406

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәдуақас Байғабылов елордадағы тұмау жұқтыру қаупіне қатысты жағдайды түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, 2019 жылдың басынан бері Астана қаласында 29 адам, соның ішінде 8 бала тұмаумен ауырған. Оның бәрі де медициналық ұйымдарға уақтылы барып, емделу курсынан өтудің арқасында ауруды асқындырмай, алдын алды.

ДДҰ-ның ұсыныстары бойынша тұмау тараған кезде жағдайды тиісті деңгейде ұстап тұру үшін халықтың кемінде 10 пайызы вакцинациядан өтуі керек. Сол себепті, елордада бұл көрсеткішке қол жеткізу үшін 126 723 адамға екпе жасалған.

«Астаналықтарға алыс-жақын шет елдерге сапар жоспарлау кезінде сол елдердегі жұқпалы аурулардың тарауы бойынша жай-күйді біліп алу керектігін ескертеміз. Мысалы, Грузияда тұмауға шалдығу деңгейі жоғары. Онда мектептер карантинге жабылып жатыр. Тбилиси мен Астана арасындағы тұрақты рейстердің барын ескере отырып, Астана қаласына тұмау вирусын енгізу қаупін жою үшін әуежайда санитарлық-карантиндік бақылау күшейтілді. Медициналық теледидардың көмегімен экипаж мүшелерін қоса алғанда, Грузиядан келіп жатқан әуе жолаушыларының байланыссыз термометриясы (температураны өлшеу) жүзеге асырылады. Бәрі де тексеруден өтіп жатыр. Жолаушылардың тұмауға шалдығу жағдайы анықталған жоқ», - дейді Сәдуақас Байғабылов

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы жағдай тұрақты екенін айтып отыр. Астанада тұмауға шалдыққан жағдайлар болса, Сәдуақас Байғабыловтың мына нөміріне хабарласуға болады: +77780127000

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Астана, Медицина, Қоғам,
Жоғары қарай