Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Әскери полиция басқармасының бастығы 1 млн теңге пара алып жатқан жерінде ұсталды

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 12:39

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы аймақтық гарнизонының әскери полиция басқармасының бастығы пара алды деп күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Алматы аймақтық гарнизоны әскери полиция отрядының жедел әрекет ету бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады.

«Ол азаматты Алматы аймақтық гарнизоны әскери полициясына жұмысқа орналастыру және оған әрі қарай жалпы қамқорлық жасау үшін 1 млн теңге көлемінде пара алды деп айыпталып отыр» делінген хабарламада.

Күдікті өз кінәсін мойындап, қорғаушысымен бірге сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтініш хат беруіне байланысты қамалған жоқ.

Жоғары қарай