Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Әскери қызметшілерді баспанамен қамтудың жаңа тетігі қандай

2019 жылдың 24 қаңтар 2019 20:28 1689

  АСТАНА. ҚазАқпарат - Әскери қызметшілер мен әскери зейнеткерлерді баспанамен қамтамасыз етуге қатысты тұрғын үй заңнамасына жаңа қағидалар енгізілді. Жаңа қағидаларды түсіндіру мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігінде арнайы жұмыс тобы құрылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аталған ведомствоға сілтеме жасап.

«Елбасы - Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының шешімімен енгізілген өзгерістерге сәйкес, мемлекет ипотекалық заемдар бойынша әскери қызметшілердің міндеттемелерін өз мойнына алады. Әзірленген модельге сай 2018 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҚК-ның әскери қызметшілері екінші деңгейдегі банктердің әртүрлі бағдарламалары аясында жеңілдігі бар ипотекалық несиені (заемды) пайдаланып, оны көрсетілген төлемдер арқылы өтей отырып, Қазақстанның кез келген өңірінде жеке меншікке баспанаға алуға мүмкіндік беретін тұрғын үй төлемдерінің жүзеге асырылуын қарастыратын заманауи жүйеге көшірілді. Осыған орай, жаңа тұрғын үй заңнамасын түсіндіру, оның бұрыс түсіндірілуін болдырмау, әскери қызметшілер мен әскери зейнеткерлердің өздерінің құқықтарын уақтылы заңды іске асыруы мақсатында 2019 жылғы қаңтардың 21-і мен ақпанның 10-ы аралығында әскери прокуратура өкілдерімен бірлекен жұмыс тобының Аягөз, Сарыөзек, Жаркент, Қапшағай, Шеңгелді, Жетіген, Алматы, Гвардейск, Тараз, Луговой, Шымкент және Арыс гарнизондарына шығуын жүзеге асырылуда», - делінген Қорғаныс министрлігі таратқан ақпаратта.

Жаңа тұрғын үй заңнамасының нормаларына сәйкес күнтізбелік есептеуде  2013 жылғы 1 қаңтарда еңбек өтілі 10 жылдан асатын, бірақ 20 жылдан кем болатын әскери зейнеткерлер барлық мемлекеттік қызметкерлер мен бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары сияқты қалдық баға бойынша тұрып жатқан баспаналарын жекешелендіруге құқылы.  Алайда, осы адамдардың бір бөлігі тұрып жатқан баспаналарын жекешелендіруге мүмкіндіктері жоқ. Себебі, олар жабық әскери қалашықтарда орналасқан және жекешелендіруге жатпайды. Аталған санат үшін мемлекеттік тұрғын үй қорынан сатып алу арқылы баспананы жекешелендірудегі олардың құқықтарын жүзеге асыру мақсатында тұрғын үй заңнамасына түзетулер енгізілді және жекешелендіруге жататын баспананы ауыстыруға мүмкіндік берілді.

Егер олар мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспананы меншікке ақысыз алуға құқығы бар азаматтар санатына жатса (Семей ядролық полигонындағы ядролық сынақ, Арал маңындағы экологиялық апат салдарынан зардап шеккендер, жарақат, контузия, мертігу және т.б. салдарынан мүгедек болып қалған 1 және 2-ші топтағы мүгедектер) ауыстырылған баспананы ақысыз жекешелендіруге құқылы. Қорғаныс министрлігі әлеуметтік мәселелерді шешудегі бүгінгі күннің жағдайын түсіне отырып, қолданыстағы заңнаманы басшылыққа алуда. Тұрғын үй заңнамасына жаңа өзгертулерді енгізу тәжірибесі жетекші әлем армияларын әлеуметтік қамтамасыз етудің халықаралық тәжірибесіне сай келеді және одан ары жетілдіруге әлеует бар»,  деп атап өтеді ведомстводан.

Баспанамен қамтамасыз етудің жаңа моделі іске асырылғаннан бастап ҚР ҚК-ның 37 мыңнан аса әскери қызметшісі арнайы шоттар мен депозиттер ашқан. Әскери қызметшілердің 2000-нан аса отбасы еліміздің түкпір-түкпірінде жеке меншік баспананың иелері атанды.

 

 

Жоғары қарай