Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Әскери қызметшілер Уфада өткен Еуразия ойындарында бес медаль жеңіп алды

2019 жылдың 23 мамыр 2019 21:15

УФА. ҚазАқпарат - Башқұртстан астанасында жауынгерлік өнердің ІІ Ашық Еуразия ойындары өз мәресіне жетті. Онда АОСК-ның спортшылары 3 алтын және 2 күміс медаль еншіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

3 күнге созылған қызу сайыста спортшылар қоян-қолтық ұрыс, «Қорғаныш құралдары» барлық стилді каратэ, «Комбат» аралас және жауынгерлік жекпе-жек, белбеуде белдесу, самбо (спорттық және жауынгерлік), ушу-таолу, саньда, айкидо, тхэквондо ГТФ және кендо сияқты спорт түрлерінен күш сынасты.

Қоян-қолтық ұрыстан жарыс қорытындысы бойынша әскери спортшылар Жандос Мәдихьянов (55 кг), Мирас Үзденбеков (75 кг) және Әзиз Үмбетов (80 кг) алтын медальдарды, Асыл Шоңдыбай (60 кг) мен Сұңғат Сұлтанбек (65 кг) күміс жүлдені қанжығаларына байлады.

«Спортшыларымыз керемет нәтиже, дене дайындығы мен шеберліктің жоғары деңгейін көрсетті. Енді бізді ағымдағы жылғы мамырдың 30-ы мен маусымның 2-і аралығында Санкт-Петербор қаласында өтетін әлем чемпионаты күтіп тұр», - деді қоян-қолтық жекпе-жектен АОСК командасының бастығы, майор М. Бижанов.

Ауқымды дода Башқұртстанның 100 жылдығына орайластырылды. Республиканың астанасына Ресейдің 40 өңірі мен шет елдерден, яғни, Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қазақстан, Латвия, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстаннан 3 мыңға тарта қатысушы жиналды.



null


null

Жоғары қарай