Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Әскери қызметшілер арнайы дайындықтан өтіп жатыр

2019 жылдың 10 желтоқсан 2019 13:18

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Қарулы Күштерінде барлық санаттағы әскери қызметшілер өз мамандығы бойынша дайындықтан өтіп жатыр. Бұл жөнінде ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Негізгі мақсат – әскери қызметшілердің жеке құрамының функционалдық міндеттерін, штаттық қару-жарақ пен әскери техниканы зерделеуді, атуды, штаттық байланыс құралдарымен жұмыс істеуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету.

Дәрістер әрбір әскери мамандық бойынша жеке өткізіледі. Әскери қызметшілер оқу тобының құрамында жұмыс істейді. Оқытуды халықаралық сайыс пен оқу-жаттығуға қатыс ып, жүлдегер атанған тәжірибелі әскери мамандар, нұсқаушылар жүргізеді.




Мәселен, танк бөлімшелерінде көздеуші-оператор сияқты мамандар бар. Олар берілген нысананы дәл және нақты жойып, экипаж құрамында үйлесімді жұмыс істей алуы тиіс. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығында әскери қызметшілермен осы мамандық бойынша «Танк биатлоны» әскери халықаралық ойындарының қатысушысы және бірнеше дүркін жүлдегері, көздеуші-оператор, аға сержант Дмитрий Алькенов жұмыс істейді. 2017 жылы қазақстандық танкистер командасы осы ірі жарыста екінші орын алса, ал 2019 жылы үшінші орынды иеленді.

«Мамандық бойынша дайындық кезінде біз нысанашы-операторларға зеңбіректен ату және онымен қосарланған пулеметтен ату ережелерін үйретуіміз керек. Негізінен көздеуші-оператордың іс-әрекеті айтарлықтай физикалық жүктемемен байланысты. Сонымен қатар, ол танк экипажының мүшелерімен тікелей және техникалық құрылғылардың көмегімен тұрақты байланыста болуы тиіс. Бұл қасиеттердің барлығы әскери қызметшінің кәсібилігін арттыру және өз мамандығы мен ұрыстағы мақсатын дұрыс түсіну үшін қажет», – деп атап өтті ол.




«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, полковник Асан Жүсіпов атап өткендей, бүгінгі таңда дайындықтан шамамен 700 әскери қызметші өтуде. Оларға 500 оқу тобы мен 1100-ден аса тәжірибелі нұсқаушы-сержант таңдап алынып, оқу-материалдық база, әскери техника мен оқ-дәрі бөлінген.




Еліміздің Қарулы Күштерінде тек сауатты, өз ісін жетік білетін жоғары білікті мамандар қызмет етуі тиіс. Ол мейлі снайпер, ұшқыш немесе танкист болсын. Сондықтан әскери қызметшілердің жауынгерлік даярлығының жеке түрі ретінде арнайы дайындыққа ерекше көңіл бөлінеді.

Жоғары қарай

Warning: file_put_contents(): Only 0 of 15740 bytes written, possibly out of free disk space in /home/admin/web/lenta.inform.kz/public_html/system/classes/Kohana/Core.php on line 920