Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Әскери бөлімнен ұрланған қарумен ешкімге ешқандай залал келтірілмеді - министр

2020 жылдың 21 ақпан 2020 16:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Әскери бөлімнен ұрланған қарумен ешкімге ешқандай залал келтірілмеді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Келісімшартпен қызмет етіп жүрген ол әскери бөлімнен рұқсатсыз шығып, қару-жарақты алып қашып кеткен. Олар - атыс қаруына жататын автоматтар мен тапаншалар. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды. Сәйкесінше, бүгінде аталған қаруды алуға қатысты тергеу іс-қимылдары жүргізілуде», - деді ведомство басшысы Парламент Сенатында тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның сөзіне қарағанда, ертең барлық тергеу шаралары өткізілгеннен кейін, сондай-ақ сыбайластарды анықтау шаралары жүргізілген соң, яғни қарудың жасырынған жері мен анықталған орны туралы деректер бойынша қосымша мәлімет беріледі.

«Бүгін тергеу амалдары жүргізілуіне байланысты және тергеу мүддесіне орай бұл ақпаратты толықтай жариялауға болмайды. Ертең толық ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарына жария етемін», - деді Е. Тұрғымбаев.

«Аталған қарудан ешкімге ешқандай залал келтірілмегенін айта аламын» – деп нақтылады министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай , Шымкент қаласына таяу жердегі әскери бөлімнен келісімшартпен қызмет етіп жатқан кіші сержант А.Балғынбай бірнеше қару-жарақ алып қашып кетті.

Ал, 20 ақпан күні кешқұрым әскери бөлімнен қашып кеткен әскери қызметшіні іздеуге қатысты операция аяқталды .

«ІІМ және ҰҚК қызметкерлерінің арнайы жедел тобы атыс қаруын ұрлап, әскери бөлімді тастап кетіп қалған 1995 жылғы Абылай Бағдатұлы Балғынбайды ұстады. Қаруды ұрлауға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 291-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Қазір қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада


Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Оқиға, Сенат,
Жоғары қарай