Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Асқар Мырзаxметов инвесторларға селқос қарайтын әкімдерден жауап алды

2018 жылдың 12 қазан 2018 17:47 172

ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Бүгін Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзаxметовтың төрағалығымен инвесторларды тарту және инвестициялық аxуалды жақсарту бойынша өңірлік кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, күн тәртібіндегі мәселе бойынша облыстық инвесторларға Қызмет көрсету, жобалық басқару  және цифрландыру  орталығының  басшысы Дамир Егізбаев баяндама жасады. Ол атқарылып жатқан жұмыстар мен кездесіп отырған келеңсіздіктерге жан-жақты тоқталып өтті.

Атап айтар болсақ, бос жерлердің интерактивті картасын әзірлеуде және 13 инвестициялық жобаны іске асырудағы түйіткілдер талқыланды. Қаржы құйып, жұмыс жасауға ниетті кейбір инвесторларға қажетті жерлерді бөлуде енжарлық танытып отырған аудандар да жоқ емес болып шықты.

Асқар Мырзахметов мәселенің маңыздылығын баса айтып, облыстың инвестициялық аxуалын арттыруда тиісті тараптардың бірлесе, жоспарлы жұмыс жүргізуінің тиімділігін тілге тиек етті. Құрғақ сөзден гөрі уақыт оздырмай нақты нәтижеге қол жеткізу керектігін ескертті.

Жиында туындаған сауалдар бойынша бірқатар аудан әкімдерінен жауаптар алынды. Жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріліп, міндеттер жүктелді.



 

 

 

 

Жоғары қарай