Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Асқар Мамин жаңартылатын энергетика нысаны жоқ өңірлерді атады

2019 жылдың 29 қазан 2019 18:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бірде-бір жаңартылатын энергетика нысаны жоқ. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірлер арасында жаңартылатын энергия көздерінің саны бойынша Алматы, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстары алдыңғы қатарда. Сонымен қатар Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында бірде-бір жаңартылатын энергетика нысаны жоқ екендігін атап өту қажет. Бұл ретте әкімдіктер жаңартылатын энергетика көздері жобалары бойынша инвесторлармен белсенді жұмыс жүргізіп, өңірлердегі экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында оларды көбірек қолдануы керек»,- деді Үкімет басшысы.

А.Мамин Қазақстан Париж келісіміне сәйкес міндеттемені ұстанатындығын және жаңартылатын энергия көздерін дамытатындығын баса айтты.

«Осыған орай Экология министрлі Париж келісіміне сәйкес міндеттемелердің орындалуын және қоршаған ортаға шығарындыларды азайту бойынша мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін», - деді ол.

Жоғары қарай