Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Асқар Мамин Үкіметтің биылғы 5 міндетін атады

2020 жылдың 24 қаңтар 2020 11:19

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Премьер-Министр Асқар Мамин Үкіметтің биыл жүзеге асыратын бес міндетін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сіздің (Президент Қасым-Жомарт Тоқаев – авт.) тапсырмаларыңызды орындау аясында Үкіметтің 2020 жылғы жұмысының негізгі мақсаты — экономика өсімін 4,7-5 % деңгейінде қамтамасыз ету болып табылады. Сонымен бірге, Үкіметтің алдында 430 мың жаңа жұмыс орнын құру, инвестициялар көлемін жалпы ішкі өнімнің 20% деңгейіне жеткізу, шикізаттық емес экспортты $18,6 млрд дейін жеткізу, халықтың нақты табысын 6% арттыру, шағын және орта бизнестің экономикадағы үлесін 30 дейін ұлғайту және 15 млн шаршы метр тұрғын үй салу бойынша аса маңызды міндеттер қойылған», - деді Асқар Мамин Үкіметтің кеңейтілген отырысында.




Жоғары қарай