Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 402.37
EUR 449.81
RUB 5.86
CNY 56.67

Асқар Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

2020 жылдың 21 наурыз 2020 15:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстанның үкімет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустинмен, Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Ариповпен, Қырғызстан Республикасының Премьер-Министрі Мухаммедкалый Абылгазиевпен және Тәжікстан Республикасының Премьер-Министрі Кохир Расулзодамен телефон арқылы сөйлесті.

Үкіметтер басшылары коронавирустың таралуымен күресудегі және халықты COVID-19-дан қорғаудағы өзара іс-қимыл, соның ішінде азаматтарды отанына қайтару мәселелерін талқылады.

Шетел азаматтарының кіруі/шығуы бойынша Қазақстан мен Ресейде әрекет етіп тұрған шектеулерге байланысты ҚР Премьер-Министрі А. Мамин РФ Үкіметінің Төрағасы М. Мишустинмен әңгімелесу барысында ҚР мен РФ аумағы арқылы еліне транзитпен қайтатын қазақстандықтар мен ресейліктер үшін ерекше өзара режим ашуды ұсынды.

Өзбекстан Премьер-Министрі А. Ариповпен, Қырғызстан Премьер-Министрі М. Абылгазиевпен және Тәжікстан Премьер-Министрі К. Расулзодамен өткен келіссөздерде вегетациялық кезеңдегі су-энергетика саласындағы ынтымақтастықтың, сондай-ақ төтенше жағдай режимі кезінде ҚР мемлекеттік шекарасы арқылы жүк тасымалын қамтамасыз етудің өзекті мәселелері талқыланды.


Жоғары қарай