Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Асқар Мамин Петербург трактор зауытының бас директорымен кездесті

2019 жылдың 1 сәуір 2019 19:00 620

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Петербург трактор зауыты» АҚ бас директоры Сергей Серебряковпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат primeminister.kz сілтеме жасап. 

Кездесу барысында ынтымақтастық мәселелері және Қазақстанда «Кировец» тракторлары өндірісін дамыту перспективалары талқыланды. 

Зауыттың бас директоры Сергей Серебряков тракторларды құрастыруды ұйымдастыру, құрамдас бөліктері: айқартопсалы білік, дөңгелек дискілері және «АгромашХолдинг KZ» қуаттылығында басқа да жиынтық бөліктері өндірісін құру бойынша ынтымақтастыққа қызығушылық танытты. 

Өндірісті жергіліктендіруді үш кезеңде - 2019, 2021, 2023 жылдары іске асыру жоспарланған.

Кездесу қорытындысы бойынша ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне «Петербург трактор зауыты» АҚ-мен бірлесіп, бірлескен ынтымақтастықты іске асыру бойынша Жол картасын әзірлеуді тапсырды. 

Қазақстанда «Петербург трактор зауыты» АҚ өнімі сұранысқа ие. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, жыл сайынғы сұраныс шамамен 400 тракторды құрайды.

Жоғары қарай