Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Асқар Мамин «Kazakh Invest» директорлар кеңесінің отырысын өткізді

2019 жылдың 4 желтоқсан 2019 17:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин «Kazakh Invest» директорлар кеңесінің отырысын өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің отырысында биылғы жылғы 11 айдағы жұмыс қорытындысы қаралды.

Қазіргі кезде «Kazakh Invest»-тің қолдауымен жалпы көлемі $55 млрд-қа жуықты құрайтын 228 инвестициялық жоба агроөнеркәсіп, машинажасау, тау-кен металлургиясы, мұнайгаз химиясы, көлік-логистика, жаңартылатын энергетика және құрылыс индустриясы салаларында пысықталып, іске асырылуда. Топ инвестор елдердің қатарына Еуропалық Одақ мемлекеттері, АҚШ, Ресей, Түркия, Сингапур мен Қытай кіреді.

Биыл 11 айда $454 млн-ға 8 жоба іске асырылды, $487 млн құрайтын 10 жоба бойынша пайдалануға беру жоспарланған, көлемі $3,4 млрд болатын 21 жоба бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды.

Отырыста жаңа редакциясындағы штаттар саны мен ұйымдастыру құрылымы, ішкі аудит қызметінің есебі, директорлар кеңесінің 2020 жылға жұмыс жоспары бекітілді, сондай-ақ басқа да мәселелер қаралды.

Жоғары қарай