Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Асқар Мамин Катар Премьер-Министрінің орынбасарымен келіссөздер өткізді

2019 жылдың 14 қараша 2019 16:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Катар Премьер-Министрінің орынбасары Хамад бин Абдулазиз әл-Каваримен келіссөздер өткізді, primeminister.kz.

«Катар ‒ Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси серіктесі. Біздің елдеріміз арасында Қазақстанның Тұңғыш Президенті ‒ Елбасы Н. Назарбаев пен Катардың жоғары басшылығы негізін салған сенімді әрі ашық саяси диалог орнаған. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев сыртқы саясаттағы сабақтастықты ұстана отырып, Катармен ынтымақтастықты дамытуға үлкен мән береді», — деді А. Мамин .

Үкімет басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық және басқа да салалардағы ынтымақтастықты арттыру үшін үлкен әлеуеттің бар екенін атап өтті.

Елдер арасында визасыз режим орнаған, осы жылдың желтоқсан айында Нұр-Сұлтан мен Доха арасында тікелей рейстер ашылады деп жоспарлануда. Алдағы уақытта тұрақты рейстер аптасына 7 рет тек астаналар арасында ғана емес, сонымен қатар Алматы мен Доха арасында да ашылмақ, сондай-ақ, Қазақстанда енгізілген ашық аспан режимі аясында «әуе еркіндігінің» бесінші дәрежесімен аптасына 7 жүк рейсі орындалатын болады.

Тараптар туризм, көлік, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.

Жоғары қарай