Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Асқар Мамин: Депутаттар ұсынысы бойынша Үкімет нақты жұмысты ұйымдастырады

2019 жылдың 20 маусым 2019 12:56 1816

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар өткен жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есептеріне қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін депуттар көтерген барлық мәселелер мен ұсыныстарға қатысты Үкімет нақты жұмысты ұйымдастыратын болады. Қажетті шаралар шұғыл түрде атқарылып, тиісті жол картасы қабылданады. Алдағы уақытта да Үкімет Парламент депутаттарымен бірлесе жұмыс жүргізетініне сенімдімін», - деді ҚР Үкімет басшысы Асқар Мамин.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов 2018 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы барысы туралы есебін таныстырды.

«2018 жылы бюджеттік саясат мемлекеттік қаржының тұрақтылығын нығайтуға және экономиканың одан әрі өсуіне негізделді. Сол себепті экономиканың нақты секторларын қолдау, жұмыс орындарын сақтау және әлеуметтік саланы дамыту бюджеттің атқарылуының басым бағыттары болды. Жыл қорытындысымен еліміздің экономикасының өсуі 4,1 пайызды құрады. Бюджеттің кірістері 8,8 трлн теңгеге жетті.  Оның ішінде салықтар - 5,7 трлн теңге. 2017 жылмен салыстырғанда салықтардың жалпы кірістер көлеміндегі үлесі 15 пайызға өсіп, 65 пайызға жетті. Жалпы Ішкі Өнімдегі мұнайға қатысты емес кірістердің үлесі 8 пайызды құрады (2017 жылы - 7,8%). Оған индустрияландыруға, агроөнеркәсіпті, орта және шағын бизнесті, тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды және әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудың қорытындылары ықпал етті», - деді Смайылов.

Шығыстар бойынша барынша жоғары атқарылуға қол жеткізілді, яғни 99,8 пайыз. Бюджет қаражатының игерілуі келесі көрсеткіштермен сипатталады. Бюджеттің әлеуметтік бағыты күшейді. Бұл салаға бүкіл шығыстардың жартысына жуығы, яғни 4,3 трлн теңге жіберілді.

Айта кетейік, ҚР Парламенті  палаталарының бірлескен отырысында Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова қаржылық заңбұзушылықтарға жауапты адамдарды жазалау мәселесін көтерді.

Оның пайымынша, қаржылық заңбұзушылықтар үшін лауазымды адамдарды міндетті түрде жауапқа тартуды енгізу бөлігінде қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу өте маңызды. Осы орайда заңбұзушылық сомасына байланысты, сондай-ақ бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін тиімсіз жоспарлағаны және тиімсіз пайдаланғаны үшін осы жауаптылықтың ара-жігін белгілеу қажет.

 

 

 

Жоғары қарай