Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Асқар Мамин: 1 мамырдан бастап көпбалалы отбасыларға пәтер бөлуді бастаймыз

2019 жылдың 19 наурыз 2019 09:57

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы екі жылда 22,5 мың отбасы 2 пайыздық тұрғын үй несиесін алады. Бұл туралы бүгін «Нұрлы жер» бағдарламасы қаралған Үкімет отырысында ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Асқар Мамин Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасына өзгерістер енгізу қажеттігін атап өтті.

«Елбасының әлеуметтік қамқорлық шараларын іске асыру аясында 5 жылдың ішінде жыл сайын 6 мыңға жуық көпбалалы отбасы үймен қамтамасыз етіледі. 1 мамырдан бастап пәтер бөлуді бастаймыз», -деді ол.

Сонымен Премьер-министр Елбасының тапсырмасына сәйкес мұқтаж отбасыларға тұрғын үй несиелері Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі жүйесі арқылы берілетіндігін айтты.

«Екі жылда 22,5 мың отбасы жеңілдікпен несие алады», - деді Үкімет басшысы.

Жоғары қарай