Ауа райы
Астана 32 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

АШМ: Қазақстан орамжапырақты экспорттауға тыйым салған жоқ

2020 жылдың 10 сәуір 2020 13:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР АШМ орамжапырақты алыс және жақын шетелдерге экспорттауды тоқтатуды жоспарламады және тыйым салмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі осы мәлімдемесін кейбір фермерлердің ресми дереккөздердегі ақпаратпен таныспауына немесе оны дұрыс түсінбеуіне, сондай-ақ әлеуметтік желілерде қате, кейде әдейі жалған ақпараттың таралуына байланысты ресми түрде жасағанын жеткізді.

«Бұл дегеніміз, орамжапырақты экспортауға, соның ішінде Ресей Федерациясының аумағына да экспорттауға рұқсат етілген білдіреді. Алайда, Қазақстан Республикасында төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты ағымдағы жылдың наурыз айында Мемлекет басшысы әлеуметтік маңызы бар тауарлардың жетіспеушілігіне жол бермеуді және халықты азық-түліктің жеткілікті көлемімен үздіксіз қамтамасыз ету үшін олардың төмендетілмейтін қорды қамтамасыз етуді тапсырды.

Сондықтан ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі кейбір азық-түлік тауарларының экспортын реттеу туралы ереже енгізді. Олардың қатарына орамжапырақ, түсті орамжапырақ, жапырақты орамжапырақ, кольраби және басқа да Brassica тектес осыған ұқсас жеуге жарамды көкөністер кірді», делінген хабарламада.

Жалған ақпараттың одан әрі таралмауы үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі орамжапырақты шетелге квота бойынша экспорттауға рұқсат етілгенін ресми хабарлайды. Ведомствоның барлық тиісті хабарландыруы мен құжаттары сайтта жарияланған.


Жоғары қарай