Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 335.05
EUR 395.12
RUB 5.66
CNY 50.64

Әсет Исекешев Астананы дамытуда маңызы зор экономиканың 10 басым бағытын айқындады

2017 жылдың 12 қазан 2017 19:04 544

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана әкімі Әсет Исекешевтің айтуынша, бұл істе әлемдік тәжірбие зерттеліп, мегаполистердің экономикалық құрылымы сарапталған , деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қазіргі артықшылықтарымызды ескере отырып біз тұрақты экономикалық өрлеуге негіз болатын 10 басым бағытты анықтап отырмыз. Оның 5-еуі сауда-саттыққа қатысты: туризм, заманауи өндіріс, қаржы орталығы, мемлекеттік сектор, халықаралық ұйымдар және трансұлттық компаниялар ісіндегі қызмет көрсету. Сонымен қатар, қолдау көрсету көзделген 5 сала бар: білім, денсаулық сақтау, сауда және логистика, мәдениет пен спорт, креативті сектор», - деді Ә. Исекешев.

Әкімшілікте әр сектор бойынша салааралық даму стратегиясы әзірленіп жатыр. Мәселен, туризм саласы бойынша 3 негізгі бағыт нақтыланды - іскерлік және оқиғаға байланысты туризм, демалыс аймағы және медициналық туризм.

Әкімнің айтуынша, стратегия қазан айында «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен салааралық компаниялардың назарына ұсынылады.

«Осы жұмыс қорытындысынан кейін біз инвестиция тарту және инновацияларды дамытуға қатысты екі жаңа стратегия дайындаймыз», - деп атап өтті қала басшысы.

10 басым бағытты іске асыру және жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін елордада 5 жергілікті бағдарлама жүзеге асады. Олар: Астана Бизнес, Astana-ZhasStarT, Astana Service, Astana Retail, Astana Startup. Тұтастай алғанда жергілікті бағдарламалар бойынша құны 6 млрд теңгелік 116 жоба қолдауға ие болды. Нәтижесінде шамамен 1000 жаңа жұмыс орны ашылып, 350 жұмыс орны сақталып қалды.

Айталық ЭКСПО қарсаңында қонақ үйлер, аквапарк, дельфинарий секілді нысандар мемлекеттік қолдауға ие болды.

 

 

Басты сөздер: Экономика, Астана, Әкім,

Пікір қалдыру

Жоғары қарай