Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Арыстанбек Мұхамедиұлы Instagram, Twitter және Telegram желілеріне тіркелді

2019 жылдың 16 сәуір 2019 18:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Instagram, Twitter және Telegram әлеуметтік желілерінде аккаунт ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр Instagram, Twitter және Telegram әлеуметтік желілерінде аккаунт ашып, алғашқы жаналықтармен бөлісті.

«Достарым, сіздерге Instagram желісінен сәлем жолдаймын! Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған мемлекеттік делегация құрамында Ташкент қаласындамын. Екі ел басшылары Өзбекстандағы Қазақстан жылының ашылу салтанатына қатысады. Суретте репетиция сәті бейнеленген», - деп жазды алғашқы жазбасында министр Арыстанбек Мұхамедиұлы.

ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының аккаунттарына сілтемелер: Instagram, Twitter және Telegram.

Instagram, Twitter және Telegram әлеуметтік желілерінің қолданушылары министрдің аккаунтына жазылып, министрдің қызметі, оның кездесулері мен келіссөздері жайлы оперативті жаңалықтар ала алады.

Жоғары қарай