Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Арыстағы жарылыстан 11 адам зардап шекті

2019 жылдың 24 маусым 2019 14:24

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласындағы жарылыстан 11 адам зардап шегіп, Шымкенттегі ауруханаға түсті. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қалалық клиникалық ауруханаға 11 адам түскен. Оның 6-уы түрлі дене жарақатын алған, қалғандарын дәрігерлер тексеріп жатыр. Олардың арасында аналар мен балалар бар. Басқа мәліметтер қосымша хабарланатын болады», - дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Лаура Мамырова.

Сондай-ақ, Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыстағы әскери бөлімшеде орын алған жарылысқа байланысты оқиға орнына байланысты жағдайды түсіндірді.

Бүгін Түркістан облысының Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында сағат 9.20-да жарылыс болды.

ҚР Қорғаныс министрлігінің дерегінше, жарылыстан зардап шеккендер жоқ.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөліміндегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.

Жоғары қарай