Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Арыстағы жарылыс: Алматыдан 500 әскери қызметші жіберілді

2019 жылдың 24 маусым 2019 18:11 1553

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Арыс  қаласында қоғамдық тәртіпті күзету  және тұрғындарды эвакуациялауға көмек көрсету мақсатында Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінен  500 әскери қызметші және 30-дан астам техника жөнелтілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы "Оңтүстік"өңірлік қолбасшылығының  баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқиға болған орында Ұлттық ұланның іс-әрекетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының бірінші орынбасары - штабы бастығы Андрей Каскеленов   үйлестіреді», - деді баспасөз қызметінен.

Еске салсақ, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болғандығы туралы хабарлаған болатынбыз.  ҚР Қорғаныс министрлігі Арыстағы жарылыстан зардап шеккендер жоқ екендігін жариялады. 

Ал ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев тиісті органдарға Арыстағы әскери бөлімдегі оқ-дәрі қоймасында болған жарылыстың зардаптарын жою туралы тапсырма берді.



null 

 

 

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Арыс, Алматы,
Жоғары қарай