Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Арыстағы құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 21:32

АРЫС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Арыс қаласын қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуге қатысты аппарат жиынын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңір басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиынға Қазақстанның барлық облыстарынан келген Арыс қаласында жүргізіп жатқан құрылыс жұмыстарына жауаптылар, Түркістан облыстық басқарма басшылары мен аудандық әкімдік мамандары қатысты.




Басқосуда Арыс қаласындағы тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар және жолдарда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарына қатысты соңғы мәліметтер бойынша баяндама жасалды. Жиында сөз алған құрылысшылар кедергі келтіріп жатқан бірқатар кемшіліктердің басын ашты.

«Жалпы 7 500-ден астам үйдің арасында санаулы үй иелері сараптау қорытындысымен келіспей отыр. Олар күрделі жөндеудің орнына үйлерін түгел күреп тастап, қайта салуды талап етуде. Барлығына ескерту жасалды», - деді облыстық Құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ербол Ахметов.

Бұл мәселелер жақын күндері шешімін таппақ. Жалпы Арыс қаласындағы құрылыс және қалпына келтіру жұмыстары аяқталуға жақын. Қазіргі кезде толықтай күреліп, жаңадан салынып жатқан үйлердің құрылысы тәулік бойы жүріп жатыр.

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев барлық сектор жауаптыларына құрылыс жұмыстарын аяқтау мерзімін белгіленген кесте бойынша, толық аяқтап өткізуді бұйырды. Арыс қаласында жөндеуді қажет ететін 7 163 нысанның 7 154-інде тұрғын және көпқабатты үйлерде құрылыс жұмыстары аяқталып, ішкі әрлеу жалғасуда. Қалпына келтіру жұмыстарына 126 құрылыс компаниясы, 4 мыңға жуық жұмысшы, 200-ден астам арнайы техника тартылған.














Жоғары қарай