Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Арыстағы бүгінгі жарылыс үшін алаңдауға негіз жоқ - вице-министр

2019 жылдың 5 шілде 2019 18:10

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыстағы әскери арсеналға іргелес аумақта орын алған жарылыстан жапа шеккендер жоқ. Өрт ошағы әскери өрт сөндірушілер күшімен сөндірілді. Бұл туралы Арыс қаласында өткен брифингте ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Бақыт Құрманбаев айты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақыт Құрманбаевтың айтуынша, жарылыс ҚР Қорғаныс министрлігі инженерлік-саперлік бөлімшелерінің оқ-дәрі фрагменттерін жинау кезінде орын алған.

«Алаңдауға негіз жоқ. Территорияны тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Қауіпсіздікті сақтау тұрғысында барлық шаралар жасалуда. Әскери өрт сөндірушілердің күшімен өрт ошағы сөндірілді»,- деді Бақыт Құрманбаев.

Сондай-ақ, Бақыт Жанұзақұлы жергілікті тұрғындарды алаңдамауға шақырды. Ал, облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұрғали Жүнісов қаладағы төтенше жағдайдың тұрақты екенін айтты.

«Арыс қаласында өрт қауіпсіздігі бойынша жағдай қалыпты. Азамат қорғау органдары қызметкерлерінен 80 адам, 21 техника жұмыс істеуде. 9 өрт сөндіру автокөлігі мен 45 өрт сөндіруші Қорғаныс министрлігінің қызметкерлерімен бірлесіп жұмыс атқаруда»,- деді Нұрғали Жүнісов.

Брифингте облыстық аурухананың бас дәрігері Марат Пашимов 17 аумаққа бөлінген арыс қаласында жедел-жәрдем қызметі жүйелі жұмыс жасап жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, мамандар көшелерден, үйлерден оқ-дәрі қалдықтары табылған жағдайда қолмен ұстауға болмайтынын ескертіп, бірден 102 немесе 119 нөмеріне хабарласу қажеттігін ескертті.

Жоғары қарай