Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 413.12
EUR 452.86
RUB 5.82
CNY 57.92

Арыстағы балалар ауылының жеткіншектері маска және антисептикпен қамтамасыз етілді

2020 жылдың 30 наурыз 2020 17:40

АРЫС. ҚазАқпарат – Түркістан облысы Арыстағы балалар ауылының тәрбиеленушілері медициналық қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілді. Игі шараны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің қызметкерлері ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Т.Тәжібаев атындағы отбасы үлгісіндегі балалар ауылындағы 63 жеткіншекті аталған департамент қызметкерлері өз қамқорлығына алған.

Олар көп мәрте қолдануға жарамды 320 дана бетперде мен 50 литр антисептикті балалар үйіне табыстап, барша тәрбиеленушілеріне сақтану шараларын қатаң ұстану қажеттігін түсіндірді.

Әлемді қауіпті індет жайлаған шақта үрей мен үміттің бел ортасында жүрген жасөспірімдерге қоғам болып қолдау көрсетуді көздеді.

Департамент ұжымының бұл игі бастамасы сәуір айында да өз жалғасын табады деп жоспарланып отыр.








Жоғары қарай