Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Арыста тағы жарылыс болды - Қорғаныс министрлігі

2019 жылдың 5 шілде 2019 15:21 3013

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАпқарат - ҚР Қорғаныс министрлігі инженер-саперлар қойманың дәл алдындағы аумақты оқ-дәрі қалдықтарынан тазалап жүргенде бір оқ-дәрі жарылып, артынша өрт тұтанғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өртті әскери өрт сөндірушілер сөндірген. Құрбандар жоқ, ешкім зардап шекпеген.

Жергілікті тұрғындарға төнген қауіп жоқ.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі инженер-сапер бөлімшелері өз жұмыстарын аяқтамайынша, жергілікті тұрғындардың арсенал аумағына жақындауына тыйым салынғанын ескертеді.

 

 

Жоғары қарай