Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.14
EUR 428.18
RUB 6.06
CNY 55.23

Арыста мобильді ХҚО жұмысы ұйымдастырылды

2019 жылдың 28 маусым 2019 16:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Арыс қаласына қайтып келген тұрғындар үшін мемлекеттік қызметтердің дер кезінде көрсетілуін қамтамасыз ету үшін мобильді ХҚО-лар жұмысы ұйымдастырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат «Азаматтарға арналған үкіметке» сілтеме жасап хабарлайды.

«Мемлекеттік қызметтердің көрсетілуін Арыста 5 мобильді ХҚО қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта ХҚО мамандарымен қатар жылжымайтын мүлікті тіркеу, әлеуметтік қамсыздандыру, жер кадастры мен мүлікті техникалық бақылау бөлімдерінің жұмыскерлері жұмылдырылып отыр. Сондай-ақ, халықты құжаттандыру (жеке бас куәлігін, паспортты рәсімдеу) үшін Түркістан облысының миграциялық полиция қызметкерлері тартылатын болады», - делінген хабарламада.

Бүгінде Арыс қаласындағы ХҚО ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Алдын ала жасалған жоспар бойынша Халыққа қызмет көрсету орталығы жөндеуден кейін 2 шілдеден бастап жұмыс істейді деп күтілуде.




null


null

Басты сөздер: Арыс, Қоғам,
Жоғары қарай