Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Арыста қаза тапқан әскери қызметшілер «Айбын» ордендерімен марапатталды

2019 жылдың 15 қыркүйек 2019 00:55

АРЫС. ҚазАқпарат – Арыстағы жарылыс кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мемлекеттік наградалармен марапатталды. ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев марқұмдардың отбасыларына «Айбын» ордендерін табыстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Арыстағы әскери бөлімде өткен марқұмдарды еске алу жиынына Қорғаныс министрлігі басшылығы мен жергілікті билік өкілдері және әскерилер қатысты. Жиынға келгендер қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Жауынгерлік жолдастарын еске алу үшін Арыс әскери бөлімдерінің жеке құрамы салтанатты шерумен жүріп өтті. Ал, еліміздің Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев қос бірдей әскери қызметшінің Отан алдындағы борышын атқару кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығына ерекше тоқталды. Аға сержант Бауыржан Әлімбеков пен сержант Әбдіқұл Ахметов ҚР Президенті – Қарулы күштерінің Бас қолбасшысының Жарлығымен ІІ дәрежелі «Айбын» ордендерімен марапатталғанын жеткізді.

«Жарылыс кезінде аға сержант Бауыржан Әлімбеков пен сержант Әбдіқұл Ахметов көзсіз ерлік танытып, қызмет орнында ақтық демі қалғанша өртке қарсы күресті. Өз әскери борышын орындау кезінде қаза тапты. Жарылыс қатеріне қарамастан өрт салдарын жою кезінде қайсарлық танытқан әскери қызметшілерімізді ерекше атап өткім келеді. Олар танытқан ержүректік пен батылдықтың арқасында басқа адам шығындары болмады. Әскери бөлімдегі қызметкерлер басқа да қызметшілер қауіпке қарамастан оқиғаның алғашқы сәтінен бастап осы күнге дейін қару жарақ сақталған қоймаларда жұмыс істеп жатыр. Олардың жедел әрі батыл әрекетінің арқасында көптеген азаматтық адамдардың өмірі сақталып қалды. Марқұмдардың бейнесі жадымызда мәңгі сақталады. Өскелең ұрпақ үшін үлгі өнеге болып табылады»,- деді Нұрлан Ермекбаев.

Сөз соңында министр «Айбын» ордендерін марқұмдардың аналары мен жұбайларына табыс етті. Сондай-ақ, қазіргі кезде әскери бөлімшедегі қоймаларда жарылғыш заттар мен қару-жарақтарды көшіуге атсалысып жатқан қызметшілерге алғыс білдірді.

«Мобильді және инженерлік-саперлік топтар, жөндеу және қалпына келтіру батальоны жеке құрамын, медицина персоналының , әскери қызметшілері мен ветеринаря қызметкерлерінің ерен еңбегін атап өткім келеді. Олар қазіргі уақытта төтенше жағдай салдарын жоюды, қоймаларды көшіруді, металл сынығын жинау мен сұрыптауды, Арыстың тұрғын үй және әкімшілік аумағын қалпына келтіру және жөндеу жұмыстарын жалғастыруда. Еліміздің нағыз партиот ұлдарын тәрбиелеген ата–аналарға ерекше алғыс білдіремін»,- деді Нұрлан Ермекбаев.


Жоғары қарай