Ауа райы
Астана 33 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Арыста бос қалған үйлер күзетіледі, тонаушылық болмайды - Ермекбаев

2019 жылдың 24 маусым 2019 19:23 680

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Арыс қаласының жай-күйін баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ең алдымен министр жарылыстан қаза тапқан тұрғынның жақындарына көңіл айтты.

«Қаза тапқан кісінің жақын туыстарына және жарақат алғандарға көңіл айтамыз. Бүгін Арыс қаласында әскери оқ-дәрілер арсеналы қоймаларының бірінде өрт шығып, жарылыс болды. Жарылыс басқа қоймаларға жалғасты, сондықтан бірнеше қойма жарылып кетті. Өңір әкімдігі пен ТЖ комитетінің іс-әрекетінің арқасында елді мекендерден барлық тұрғындар шығарылды», - деді министр Арыс қаласында тікелей эфирде өткен брифингте.

Сонымен бірге, Н. Ермекбаев арсеналда қауіпті оқ-дәрілердің сақталмағанын жеткізді.

«Бұл арсеналда қауіпті оқ-дәрілер мен бомбалардың сақталмағанын ресми мәлімдеймін. Барлық оқ-дәрілер сақтық үшін далаға қарай бағытталып қойылған және негізгі соққы толқыны далаға қарай жүрді. Толқынның бір бөлігі елді мекенге әсер етіп, бірнеше баспананың шатыры мен терезесіне зақым келді. Қауіпсіздік үшін Арыс тұрғындарына жақын арада жедел штабтың рұқсатынсыз үйлеріне келмеуді сұраймыз. Себебі Арыстың көшелерінде жарылмай қалған оқ-дәрілер болуы мүмкін. Қазір бір топ сапер тазалау жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстар аяқталған соң,  тұрғындар өз үйлеріне орала алады. Қазір барлық үйлер мен кварталдар полиция мен қарулы күштердің жіті бақылауында. Сондықтан мүліктің сақталуы жөнінде тұрғындар уақымдамағаны жөн. Ешқандай тонаушылық пен ұрлық-қарлық болмайды», - деді Қорғаныс министрі.

 

 

Жоғары қарай