Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Арыста әскери бөлімді көшіру жұмыстары басталды - Қорғаныс министрлігі

2019 жылдың 6 шілде 2019 00:39

АРЫС. ҚазАқпарат - Арыс қаласында ҚР Президенті- ҚР Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында әскери бөлімді қайта көшіру жұмыстары басталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі уақытта жарылмаған оқ-дәрілерді тиеу және шығару жүзеге асырылуда. Әскери бөлімді қайта көшіру мәселесі ҚР Қорғаныс министрі, генерал-майор Нұрлан Ермекбаевтың жеке бақылауында», - деді ведомстводан.

Оқ-дәрілер тиелген көліктерге әскери қарауыл мен әскери полиция ілесіп жүреді.

«Қазіргі сәтте қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру үшін төтенше жағдай салдарын жоюға тартылған ҚР Қарулы Күштерінің барлық қызметтері мен бөлімшелерінің жұмысы жалғасып жатқанын еске саламыз. Қазіргі уақытта жарылыс қаупі жоқ оқ-дәрілерді анықтау және жою бойынша жұмыстар жүргізілуде», - деді министрліктен.

Жоғары қарай