Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Арыста алғашқы балық шаруашылығы іске қосылды

2019 жылдың 21 маусым 2019 01:28 730

АРЫС. ҚазАқпарат - Биылғы  жылдың мамыр айында Арыс қаласы, Дермене ауылынан «Дермене Агро Групп» ЖШС директоры, жеке кәсіпкер Дүйсенбі Дінмұхаммед  өз қаржысы есебінен үш балық асырау бұғатының (бассейн) құрылысын бастаған болатын. Міне енді сол құрылыстың негізгі бөлігі аяқталып, үш  миллионға  жуық  тұқы шабақтары суға жіберілді, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл шараға Арыс қаласының әкімі М.Қадырбек, ауылдық округ әкімі Ж.Кадиев бөлім басшылары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері,  ардагерлер қатысты. Шабақтар Қызылорда облысы, Арал қаласындағы қолдан балық өсіру шаруашылығынан жеткізілген.

«Дермене Агро Групп» ЖШС 1 жыл 6 ай мерзімде алғашқы балық өнімін алуды жоспарлауда. Бір тұқы балығының ұзындығы 40 сантиметрге жетеді, ал салмағы 800 гр - 3 кг аралығында болады.

Аталған балық асырау бұғатында 4 жергілікті тұрғын тұрақты жұмыс істейді. Жеке кәсіпкер Д.Дүйсенбі  енді осы жердің аумағына жасыл желектер егіп, абаттандыруды жоспарлап отыр. 

 

 

Жоғары қарай