Ауа райы
Астана -8 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Арыс: Түркістан облысына қарасты секторда 355 үйдің жөндеу жұмыстары бітуге таяу

2019 жылдың 17 шілде 2019 18:47

АРЫС. ҚазАқпарат - Түркістан облысы жауапты болып бекітілген 7 секторда 470 үй тіркелген. Оның 7-еуі 68 пәтерден тұратын көпқабатты үйлер, деп хабарлайды өңір басшысының баспасөз қызметі. Мұнда жарылыс салдарынан зақымданған 415 үй жөндеу жұмыстарын қажет етсе, 54 үй жарамсыз деп табылып, толығымен қайта салынатын болды. Қазіргі таңда 355 үйдің жөндеу жұмыстары, 20 үйдің толықтай құрылысы қарқынды түрде жүруде. Бүгінгі күнге дейін 20 үйге жөндеу жұмыстары жасалып, тапсырылды.

Аталмыш сектордағы үйлердің құрылыс жұмыстарына 23 мердігер компания тартылып, 367 құрылысшы, 69 техника жұмылдырылған. Сектор жауаптылары құрылыстың ойдағыдай жүріп жатқандығын және зақымдалған, жарамсыз күйге түскен барлық үйлердің қайта салыну жұмыстары белгіленген уақытта аяқталатынын жеткізді.

Жоғары қарай